Публичная оферта на русском языке

ОФЕРТА

(«Личная Касса» Электрондық Ақша Жүйесін пайдалану туралы)



2022 жылғы 1 маусымдағы редакция


Осы Офертада Қызмет көрсету туралы шартты жасау, атап айтқанда «Личная Касса» Электрондық Ақша Жүйесін (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қызмет көрсету туралы шарт» және/немесе «Шарт») пайдалана отырып, есеп айырысуларды жүзеге асыру талаптары бар. Осы Офертада көрсетілген іс-әрекеттерді жасау осы Офертада мазмұндалған талаптарда, тәртіп пен көлемде Қызмет көрсету туралы шарт жасауға Сіздің келісіміңізді растау болып табылады.

Эмитент «Личная Касса» Электрондық ақша жүйесі шеңберінде «Личная Касса» ЖШС-ға Эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша электрондық ақша иелерімен шарттар жасауға өкілеттік бергенін назарға ала отырып, Сізге жолданған төменде мазмұндалған Оферта мәтіні «Личная Касса» ЖШС-нің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабының 1-тармағына сәйкес Қызмет көрсету туралы шарт жасау туралы ресми ұсынысы болып табылады. Қызмет көрсету туралы шарт жеке тұлға осы Офертада көзделген және Акцептті білдіретін әрекеттерді жасаған, яғни жеке тұлғаның осы Офертаның барлық шарттарын қандай да бір алып тастауларсыз немесе шектеулерсіз сөзсіз қабылдаған кезден бастап жасалған болып есептеледі және күшіне енеді.

Офертаның өзекті нұсқасы Оператордың WEB-сайтында мынадай электрондық мекенжай бойынша орналастырылған: https://www.kassa24.kz және/немесе iOS және Android операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған «Plus24» мобильді қосымшаларында, сондай-ақ iOS және Android операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған «Аitu кошелек 2.0» мобильді шағын қосымшасының АituАpps бөлімінде.

 

1. Терминдер мен анықтамалар

Электрондық ақша - электрондық түрде сақталатын және жүйенің басқа да қатысушылары электрондық ақша жүйесінде төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша Эмитенттің шартсыз және қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері;

«Личная Касса» Электрондық ақша жүйесі (бұдан әрі ЭАЖ) - төлемдерді және электрондық ақшамен өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

Электрондық ақша жүйесіне қатысушы - жасалған шартқа сәйкес электрондық ақшаның белгілі бір жүйесі шеңберінде электрондық ақшаны шығару, беру, қабылдау, пайдалану, сатып алу, өткізу немесе өтеу жөніндегі құқығы немесе міндеттемесі туындайтын жеке немесе заңды тұлға;

«Личная Касса» Электрондық ақша жүйесінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – «Личная Касса» ЖШС, Алматы қ., М. Өзтүрік к-сі, 7,  БСН 130940014692, «Jusan Bank» АҚ-дағы Есеп шоты KZ87998CTB0000195377, БСК TSESKZKA, ЭАЖ-ға қатысушы, электрондық ақшаны пайдаланумен операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыруды қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі есептік тіркеу нөмірі № 02-17-008;

Электрондық ақшаны өтеу - Эмитент және /немесе Оператор жүзеге асыратын (егер мұндай іс-әрекеттер Эмитент пен Оператор арасында қол қойылған шартта қарастырылса) электрондық ақшаның иесі ұсынған немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, иесі оларды ұсынбай өтеуге жататын, электрондық ақшаны олардың номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау жөніндегі операция;

Электрондық ақшаны пайдалану - азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемді және (немесе) электрондық ақшаға меншік құқығының өтуіне байланысты өзге де операцияларды жүзеге асыру мақсатында электрондық ақша иесінің - жеке тұлғаның электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына беруі;

Электрондық ақшаны шығару - Эмитенттің электрондық ақша эмитентінің жеке тұлғалары мен агенттеріне олардың номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау арқылы электрондық ақша беруін қарастыратын операция;

Электрондық ақша эмитенті (бұдан әрі - Эмитент) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны шығаруды және өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде:

«Jusan Bank» акционерлік қоғамы, орналасқан жерінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Жеңіс д-лы, 29, ЖСК KZ48125KZT1001300336, ҚР ҰБ МОЕБ (КШТҚБ), БСК TSESKZKA, КБе 14, КҰЖЖ коды 19924793, БСН 920140000084, Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік, №4078-1900-АҚ, 26.12.2003ж.;

Электрондық ақша жүйесінің агенті (бұдан әрі – «Агент») - Эмитенттен және иеленуші - жеке тұлғалардан электрондық ақшаны Эмитентпен жасалған шарт негізінде оларды кейіннен жеке тұлғаларға өткізу үшін сатып алу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қауіпсіздік рәсімі - электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша иесінің электрондық ақшаны пайдалануға құқықтарын куәландыруға және электрондық тәсілмен берілетін және алынатын хабарламалардың (бұдан әрі – «Электрондық хабарлама») мазмұнындағы қателерді және/немесе өзгерістерді анықтауға арналған ұйымдастыру шараларының және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені;

Электрондық ақшамен айырбастау операциялары - бір эмитент шығарған электрондық ақшаны басқа электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа эмитенттің электрондық ақшасына айырбастау жөніндегі операциялар;

«Личная Касса» ЭАЖ шеңберіндегі электрондық әмиян - электрондық ақша және/немесе оларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары сақталатын микропроцессор (чип), дербес компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуі, немесе өзге бағдарламалық-техникалық құрал;

«Plus24» - клиенттердің электрондық әмияндарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін электрондық ақша жүйесінің функционалын қайталайтын iOS және Android операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған мобильдік қосымша.

«Aitu кошелек 2.0» - iOS және Android операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған AituApps бөлімінде орналастырылған, электрондық ақша жүйесінің функционалын қайталайтын, клиентердің электрондық әмияндарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, және де электрондық ақшамен операциялар жасауға мүмкіндік беретін «AITU» қосымшасы.

Электрондық әмиянды бұғаттау - электрондық ақша иесінің электрондық әмиянында сақталған электрондық ақшаны пайдалануға толық немесе уақытша тыйым салу;

Жеткізуші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, және көрсетілетін қызметтерге және/немесе жеткізілетін тауарларға ақы төлеу ретінде ЭАЖ-ның басқа қатысушыларынан - жеке тұлғалардан электрондық ақшаны, оның ішінде Жеткізушімен олардың пайдасына төлемдерді қабылдауға Агенттік келісім жасасқан тиісті тұлғаларға бұрын төленген электрондық ақшаны, қабылдайтын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар,;

Клиенттер – ЭАЖ-да электрондық ақша иелері ретінде тіркелген жеке/заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер;

Сәйкестендіру – ЭАЖ-ға қатысушысыны сәйкестендіру деректерін растау процесі;

Деректерді сәйкестендіру – ЭАЖ-да тіркелу кезінде пайдаланушыға берілген логин мен пароль;

Клиентті сәйкестендіру – электрондық ақша иесі – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат негізінде оның жеке басын анықтау.

Авторландыру - электрондық ақша иесінің Жеке Кассасына рұқсат беруді қоса алғанда, электрондық ақша иесінің ЭАЖ-да электрондық ақшаны пайдалана отырып, операциялар жүргізуге Оператордың рұқсаты.

Сәйкестендіру ақпараты – пайдаланушының ТАӘ; ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні; пайдаланушыға тиесілі Электрондық әмиянның нөмірі, абоненттік телефонның нөмірі, электрондық почтаның мекенжайы.

ЭАЖ-ға қатысушы мәртебесі – ЭАЖ пайдаланушысының түрі (Оператор, Эмитент, Агент, Жеткізуші, Клиент) оған байланысты ЭАЖ қатысушысы Электрондық әмиянның осы түріне (мәртебесіне) сәйкес келетін белгілі бір құқықтарды алады.

АЕК – тиісті жылға арналған бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдануға арналған коэффициент.

Егер осы Офертаның мәтінінде қандай да бір терминнің бір мәнді түсіндірмесі болмаса, Клиент ең алдымен Оператордың Сайтында келтірілген түсіндірмелерді басшылыққа алуға міндеттенеді.

 

2. Жалпы ереже

2.1. «Личная Касса» Электрондық Ақша Жүйесі (бұдан әрі мәтін бойынша – «ЭАЖ») ЭАЖ ішінде Электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша жүйелеріне және электрондық ақша эмитенттеріне қойылатын талаптарға, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

2.2. ЭАЖ-ның көмегімен ЭАЖ шеңберінде тауарлар мен қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Офертада, «Личная Касса» ЭАЖ қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларында көзделген шектерде және шектеулермен, клиенттер (жеке тұлғалар) арасында Электрондық ақша аударымдарын жүзеге асыруға болады.

3. Шарттың мәні

3.1. Осы Офертаны акцептеу арқылы Клиентпен жасалған Шарттың, оның ішінде осы Офертада қарастырылған конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы Акцепттің, мәні Клиенттің ЭАЖ-да ұсынылатын Тауарларды/Қызметтерді сатып алу мақсатында ЭАЖ-ды пайдалануы үшінОператордың Клиентке қызмет көрсетуі, сондай-ақ Клиенттің өзінің электрондық әмиянынан басқа Клиенттердің электрондық әмиянына Клиенттің электрондық ақша аударымдарын жүзеге асыру, электрондық ақшаны өтеу кезінде Клиенттің банктік шотына ақша аудару, сондай-ақ Клиенттің ЭАЖ-да ұсынылған Агенттерден электрондық ақшаны сатып алуды жүзеге асыру және оларды ЭАЖ-да ұсынылған агенттерге сату болып табылады.

3.2. Оператор электрондық ақшаны одан әрі ЭАЖ-да пайдалану мақсатында клиенттің Электрондық әмиянына есептеу туралы ақпаратты қабылдайды және электрондық ақшаны пайдалана отырып, Клиенттің барлық операцияларын тіркеуді жүргізеді.

3.3. Тараптар Оператор Клиент жасайтын мәмілелердің, оның ішінде төлемі электрондық ақшаны пайдалана отырыпжүргізілетін ЭАЖ-да ұсынылған Жеткізушілермен жасалатын мәмілелердің, Тарапы болып табылмайтындығына келіседі, және де соған байланысты:

  • Оператор Клиент жасайтын мәмілелердің заңдылығын бақыламайды және бақылай алмайды, осындай мәмілелерді жасасудың, орындаудың немесе тоқтатудың салдары үшін жауап бермейді;
  • Оператор ЭАЖ жеткізушілерінің және басқа да Клиенттері мен қатысушыларының міндеттемелері бойынша клиент алдында жауапкершілік көтермейді;
  • Оператор Клиенттің басқа қатысушылардың өз міндеттемелерін, соның ішінде тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамау мәселелері бойынша шағымдарын қарастырмайды.

3.4. Оператор Клиенттің өкімі бойынша Электрондық ақшаны олардың пайдасына аударуды жүзеге асыра отырып, сол сияқты қатысушыларға электрондық ақшаны пайдалана отырып, қабылданған төлемдер туралы ақпаратты бере отырып, басқа қатысушылардың мүдделері үшін іс-қимыл жасауға өкілеттігінің болуына кепілдік береді.

3.5. Шарт бойынша Оператордың қызметтерді тиісінше көрсетуі мақсатында Клиент осы Офертаның 2.1-т. бойынша Оператор өз міндеттемелерін орындауды бастағанға дейін осы Офертаның 4-тарауында қарастырылған тәртіппен ЭАЖ-да тіркеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.

3.6. Оператордың қызметтері өтеулі болып табылады. Клиент осы Офертаның 5-тарауында белгіленген мөлшерде және тәртіппен Оператордың қызметтеріне ақы төлеуге міндеттенеді.

3.7. Осы арқылы Клиент Оператордың қызметтерін пайдалану кезінде Оператордан жарнамалық және ақпараттық сипаттағы хабарламаларды алуға өз келісімін береді.

 

4. Клиентті ЭАЖ-да тіркеу және электрондық әмияндардың түрлері

4.1. ЭАЖ-да электрондық ақшаны пайдалану мақсатында «Личная Касса» ЭАЖ-ға қол жеткізу құқығын алу үшін Клиент осындай пайдалану басталғанға дейін ЭАЖ-да өзінің тіркелуін жүзеге асыруға міндеттенеді. Клиентті ЭАЖ-да тіркеу терминал және/немесе ЭАЖ сайтында Интернет желісі арқылы жүргізілуі мүмкін.

4.2. Клиенттердің электрондық әмияндары 4 (төрт) түрге бөлінеді:

  1. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның электрондық әмияны – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ашылады және азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің пайдасына төлемдер жасау, сондай-ақ сәйкестендірілген және/ немесе оңайлатылып сәйкестендірілген электрондық әмияндарға ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем ретінде электрондық ақшаны қабылдауға/алуға қызмет етеді;
  2. Жеке тұлғаның сәйкестендірілген электрондық әмияны - жеке басы сәйкестендіру рәсімінен өту арқылы анықталып, тіркелген Клиентке клиенттің жеке қатысуымен және/немесе банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан алынған қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтықтан сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып ашылады.
  3. Оңайлатылып сәйкестендірілген электрондық әмиян / оңайлатылып сәйкестендірілген жеке тұлғаның әмияны - жеке басы анықталып, тіркелген Клиентке ашылады, оны электрондық ақша жүйесінің Операторы электрондық ақша иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркей отырып және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізеді.
  4. Жеке тұлғаның сәйкестендірілмеген электрондық әмияны - сәйкестендіру рәсімін жүргізбей-ақ тіркелмеген Клиентке ашылады және осы Офертаның 4.3-тармағында белгіленген лимиттер шегінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін ЭАЖ-ға біржолғы төлемдер үшін электрондық ақшаны сақтау үшін қызмет етеді.

4.3. ЭАЖ-да клиенттер жасайтын электрондық ақшамен операциялардың түрлері мен сомалары бойынша мынадай шектеулер қолданылады:

Электрондық әмиян түріне байланысты клиенттерге қолжетімді операциялар:

 р

 

Электрондық әмиян түрі 

Тіркеу/ сәйкестендіру бойынша талаптар/ ұсынылатын құжаттар

Қолжетімді операциялар 

Төлемдер / операциялар сомасы бойынша шектеулер

1

 

Сәйкестендірілмеген электрондық әмиян / сәйкестендірілмеген жеке тұлғаның әмияны 

Клиент электрондық ақша жүйесінде тіркелу кезінде тіркеу рәсімінен өтеді, аты-жөнін, email мен ұялы телефон нөмірін көрсетеді, тіркеу рәсімін аяқтау тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберілген СМС-ты растау арқылы жүргізіледі. Құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Сауда нүктелері мен Агенттердің терминалдары арқылы әмиянды толтыру;

Әмиянды банк карточкасы арқылы толтыру;

Қызметті Жеткізушілер пайдасына төлемдер;

 

Операцияларды жүргізуге біржолғы лимит 50 АЕК;

 

Клиенттің барлық төлемдері мен электрондық ақша аударымдарының сомасы бір жұмыс күні ішінде 100 АЕК-тен аспауы тиіс 

Әмияндағы ақшаның жалпы сомасы 100 АЕК-тен аспауы тиіс.

2

Оңайлатылып  сәйкестендірілген электрондық әмиян/ жеке тұлғаның оңайлатылып сәйкестендірілген әмияны

клиенттің жеке басы анықталды, сәйкестендіруді электрондық ақша жүйесінің Операторы электрондық ақша иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркей отырып және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізедіь.

Сауда нүктелері мен Агенттердің терминалдары арқылы әмиянды толтыру;

Әмиянды банк карточкасы арқылы толтыру;

Қызметті Жеткізушілер пайдасына төлемдер;

Сәйкестендірілген және / немесе оңайлатылып сәйкестендірілген әмияндар арасындағы ақша аударымдары;

ҚР кез келген банкі айналысқа шығарған әмияннан әмиян иесінің банк картасына ақша аудару;

Эмитент Банкісінің кассаларында әмиянды толтыру;

Банк кассаларында немесе Оператордан Әмияннан ақша алу;

Электрондық ақшаны өшіру.

Операцияларды жүргізуге біржолғы лимит 50 АЕК;

 

Клиенттің электрондық ақшасын сәйкестендірілген және/немесе оңайлатылып сәйкестендірілген клиенттердің электрондық әмияндарына аудару сомасы бір жұмыс күні ішінде 300 АЕК-тен аспауы тиіс;



Төлемдер сомасы - шектелмеген;



Сәйкестендірілмеген әмияндарға аударымдарға - тыйым салынады;

 

Әмияндағы ақшаның жалпы сомасы 300 АЕК-тен аспауы тиіс.

3

Сәйкестендірілген электрондық әмиян

Клиенттің жеке қатысуымен және/немесе банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық орталығынан алынған қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтықтан сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, сәйкестендіру рәсімінен өту.

Клиент жеке куәліктің көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын ұсынады;

Сауда нүктелері мен Агенттердің терминалдары арқылы әмиянды толтыру;

Әмиянды банк карточкасы арқылы толтыру;

Қызметті Жеткізушілер пайдасына төлемдер;

Әмияндар арасындағы ақша аударымдары;

ҚР кез келген банкі айналысқа шығарған әмияннан әмиян иесінің банк картасына ақша аудару;

Эмитент Банкісінің кассаларында Әмиянды толтыру;

Банк кассаларындағы немесе Оператордан Әмияннан ақша алу;

Электрондық ақшаны өшіру.

Операциялар жүргізуге біржолғы лимит 500 АЕК;

 

Электрондық ақшаны сәйкестендірілген клиенттердің әмияндарына аудару бойынша операцияларды жүргізуге арналған тәуліктік лимит 2000 АЕК, оңайлатылып  сәйкестендірілген клиенттердің әмияндарына 300 АЕК;

Төлемдер сомасы - шектелмеген;



Сәйкестендірілмеген әмияндарға аударымдарға - тыйым салынады;

 

Клиенттің барлық төлемдері мен электрондық ақша аударымдарының сомасы күнтізбелік бір ай үшін 5 000 АЕК-тен аспауы тиіс

4

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның электрондық әмияны

Заңды тұлға:

Бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің көшірмесі (міндетті түрде ұсынылады);

Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (міндетті түрде ұсынылады);

Бірінші басшының жеке куәлігінің/ төлқұжатының көшірмесі;

Егер осы Шартқа бірінші басшы қол қоймаса - өкілге арналған сенімхаттың көшірмесі (міндетті түрде ұсынылады);

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама.

Жеке кәсіпкерлер:

Өтінішке қол қойған ЖСН берілген жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

Егер өтінішке жеке кәсіпкердің өзі қол қоймаса - шарттар мен өтініштерге қол қою құқығына нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.


Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
Операторға Оператор бекіткен нысан бойынша толтырылған сауалнаманы ұсынады.

Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде төлем ретінде электрондық ақшаны қабылдау/алу;

Қызметті жеткізушілер пайдасына төлемдер;

Сәйкестендірілген электрондық әмияндарға, оңайлатылып сәйкестендірілген электрондық әмияндарға ақша аударымдары;

Электрондық ақшаны өшіру.

Операцияларды жүргізуге біржолғы лимит 1000 АЕК;

Сәйкестендірілген электрондық әмияндарға аударымдар бойынша лимит - 500 АЕК;

Оңайлатылып сәйкестендірілген әмияндарға аударымдар бойынша лимит 300 АЕК.

 

4.4. Клиентті ЭАЖ-да тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

4.4.1. Сәйкестендірілмеген электрондық әмиянды тіркеу үшін Клиент:

 а) өзіне-өзі қызмет көрсету терминалындағы «Личная Касса» бөлімін таңдауы;

 б) тіркеу нысанына келесідей деректерді енгізуі қажет:

  • «Электрондық әмиян» тіркелетін тұлғаның аты-жөні;
  • «Электрондық әмиян» тіркелетін тұлғаның тегі және әкесінің есімі (қалауы бойынша-көрсетілмеуі мүмкін);
  • Офертамен танысу («Личная Касса» ЭАЖ-ны пайдалану туралы) және Офертада қамтылған шарттарды сөзсіз қабылдау (Акцепт) жағдайында «Мен Оферта шарттарын қабылдаймын» алаңына белгі қойып, содан кейін «Тіркелу» батырмасын басу.
  • «Электрондық әмиянды» тіркеу үшін қажетті барлық деректерді, сондай-ақ Офертаның шарттарын акцептіні (сөзсіз қабылдау) енгізгеннен және «Тіркелу» батырмасын басқаннан кейін, Клиент электрондық ақшамен төлем жасау үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалына ақша сомасын енгізе аласыз.

4.4.2. Тіркеу нәтижелері бойынша клиентке ЭАЖ-да есептік жазба беріледі.

4.4.3. Сәйкестендірілмеген электрондық әмиянды сәйкестендіру үшін Клиентке:

4.4.3.1. Оператордың жақын жердегі офисіне барып, ұсынылған құжаттарды (сауалнаманы) толтыруы, жеке куәліктің көшірмесін ұсынуы, салыстыру үшін оның түпнұсқасын ұсынуы; немесе

4.4.3.2. онлайн-сауалнаманы толтырып, жеке куәліктің суретін, сондай-ақ өз фотосуретін қоса бере отырып, сайт немесе Оператордың мобильдік қосымшасы арқылы электрондық сәйкестендіруден өтуі қажет;

4.4.4. Клиентті сәйкестендіру рәсімінен өту мерзімі 1-ден 3 жұмыс күніне дейін созылады.

4.5. Оператордың қызметтерін алу үшін Клиент өзінің Электрондық әмиянының Электрондық ақшасының теңгерімін енгізуге (толықтыруға) міндетті. Толықтыруды тізбесі ЭАЖ-да көрсетілген Эмитент Агенттерінен электрондық ақшаны сатып алу/сатып алу жолымен, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы жүзеге асыруға болады.

4.6. Клиент ЭАЖ-да тіркеу және Клиент Электрондық ақшаны сатып алу бойынша жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді жасаған сәттен бастап, Клиент ЭАЖ қағидаларында қамтылған тәртіп пен шарттарға сәйкес ЭАЖ-ны толық көлемде пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.

5. Оператор қызметтерінің құны және Электрондық ақшаны пайдалана отырып, ЭЭЖ-да төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

5.1. ЭАЖ-да қызметтер көрсету жөніндегі Оператордың қызметтері өтеулі болып табылады. Клиент Оператордың қызметтеріне осы бөлімде белгіленген мөлшер мен тәртіпте ақы төлеуге міндеттенеді.

5.2. ЭАЖ қызметтерінің құны ЭАЖ-да ұсынылған Жеткізушінің пайдасына Клиент (Пайдаланушы) жүргізетін төлемдердің әрқайсысының сомасынан пайызбен де, сондай-ақ төлем жасау сәтінде Клиенттің Электрондық әмиянынан Оператор алып қоятын Электрондық ақшаның тіркелген сомасы түрінде де белгіленуі мүмкін. Әрбір нақты Жеткізушінің пайдасына төлемдерді жүзеге асыруға қатысты Оператор қызметтерінің құнын айқындайтын пайыздық мөлшерлемелерді Оператор Клиенттің «Электрондық әмиянды» пайдалану белсенділігіне, клиент «Личная касса» арқылы жасайтын төлемдердің мөлшеріне, күнтізбелік ай ішінде Клиент «Личная касса» арқылы жасайтын операциялардың санына қарай дербес айқындайды.

Оператор қызметтерінің құны Электрондық ақшамен алынады.

5.2.1. Клиент пайдасына төлемдерді «Личная касса» арқылы жүзеге асыруға құқылы Жеткізушілердің тізбесі мынадай сайтта: www.kassa24.kz «Төлем» қосымша бетінде орналастырылған. Оператор ЭАЖ шеңберінде өздері жеткізетін тауарлар/көрсетілетін қызметтер үшін ақы қабылдауға құқылы Жеткізушілердің осы тізбесін біржақты тәртіппен дербес өзгертуге құқылы.

5.2.2. Жеткізушілер тізіміне енгізілген өзгерістер Клиент үшін www.kassa24.kz ЭАЖ сайтында (бұдан әрі мәтін бойынша – «ЭАЖ сайты») жаңалықтар түрінде осындай өзгерістер жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Енгізілген өзгерістерді Клиенттің ЭАЖ-ны осындай өзгерістер енгізілгеннен кейін бірінші рет пайдалануы кезінде Клиент қабылдаған болып есептеледі.

5.2.3. Қызметтердің есептелген құнын ұстап қалуды Оператор Клиенттің «Личная касса» арқылы жүргізген қандай да бір төлемін/аударымын жүргізген кезде жүзеге асырады. Қандай да бір Жеткізушінің пайдасына төлемдердің кез келгенін жүргізген кезде, сол сияқты Клиент басқа клиенттерге электрондық ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде, Клиент төлемнің деректемелерін және төлем сомасын көрсетеді, жасалатын төлем деректемелерін енгізгеннен кейін Оператор қызметтің құнын есептейді және осы ақпаратты Клиенттің қарауына шығарады. Бұл әрекеттер Клиент төлем деректемелерін, сондай-ақ Клиенттің Оператор қызметтерінің құнымен келісімін растаған жағдайда ғана – ол үшін Клиент төлем жүргізу құнымен өзінің келісімі туралы белгі қояды және Клиент енгізген төлем деректемелерін растайды (ол үшін «Төлеу» батырмасын басады) – орындалады. «Төлеу» батырмасын басқаннан кейін төлем туралы ақпарат және тиісінше электрондық ақша сомасы клиенттің Электрондық әмиянынан Жеткізушінің мекенжайына және Жеке Кассасына түседі.

5.2.4. Оператор көрсететін қызметтердің құнын Оператор Жеткізушінің пайдасына жүргізілетін Клиенттің төлемінен ұстап қалуы тиіс.

5.3. Оператор осы Офертада қарастырылған конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы осы Офертаны акцептеу жолымен Клиент жасайтын Шарт бойынша Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерінің туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын есепке алудың электрондық тіркелімінде тіркеуге міндеттенеді.

5.4. Клиент тауарды/қызметтерді төлеу бойынша Жеткізуші алдындағы өзінің міндеттемелерінің Клиент осындай Жеткізушінің пайдасына төлем жасаған сәтте орындалған болып есептелетінін мойындайды.

5.5. ЭАЖ-ны авторландырудың және пайдаланудың әрбір жағдайы Клиенттің электрондық ақшамен төлемді жүзеге асыру туралы өкімі болып табылатын құжатқа қол қоюымен сүйемелденеді.

5.7. Клиенттің құжатқа авторизациясы және қол қоюы электрондық құжаттың түпнұсқалығын және оған қол қойған тұлғаның жеке куәлігін тексеруді қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өз қолымен қойылған қолдарды пайдалануға ұқсас заңды салдарларды туындатады, ал Оферта шарттарын орындауға байланысты және Клиент куәландырған барлық құжаттар жазбаша нысандағы құжаттар болып танылады.

5.8. Клиенттің сәйкестігін және Клиенттің төлем жасауы үшін аванстық қаражаттың жеткіліктілігін тексергеннен кейін Оператор Клиентке тексеру нәтижелеріне байланысты тиісті төлемді орындауға қабылданғаны немесе орындаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды.

5.9. Оператор Клиенттің Жеткізушімен мәмілесінің заңдылығын, оның шарттарын, сол сияқты мәмілені жасасу, орындау және бұзу фактісі мен салдарын, оның ішінде, осындай мәміле бойынша төлемді қайтаруды, реттемейді және бақыламайды. Сондай-ақ Оператор клиенттің Жеткізушілердің мәміле бойынша өз міндеттемелерін, оның ішінде тауарды беру/клиентке қызмет көрсету бойынша міндеттемелерін орындамауына (тиісінше орындамауына) қатысты наразылықтарын қарастырмайды.

5.10. Электрондық әмиянды тіркеу кезінде Клиент көрсеткен деректер өзгерген жағдайда, Клиент деректер өзгерген күннен бастап үш күн мерзімде бұл туралы Операторға хабарлауға міндетті.

 

6. Клиенттің құқықтары мен міндеттері

6.1. Клиент құқықтары:  

6.1.1. ЭАЖ-да белгіленген реттілікпен ЭАЖ-да тиісті операцияларды орындау арқылы төлемдерді жүзеге асыра отырып, ЭАЖ-ны толық көлемде пайдалануға құқылы. Оператордың барлық қызметтерінің толық сипаттамасы ЭАЖ Сайтында жарияланады және үнемі қамтылады;

6.1.2. өзінің мәртебесіне және Оператор белгілеген өзге де шектеулерге, ЭАЖ Қағидаларында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЭАЖ-ның барлық сервистеріне қолжетімділік алуға;

6.1.3. Электрондық ақшаны сатып алуға бастамашылық жасауға, Электрондық ақшаны Электрондық әмиянның шотына ЭАЖ-да келтірілген рұқсат етілген және қолжетімді тәсілдердің кез келгенімен енгізуге, ЭАЖ Қағидаларында және Шартта қарастырылған өзге де операцияларды жүзеге асыру үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлем жүргізу үшін ЭАЖ-ны пайдалануға;

6.1.4. ЭАЖ Қағидаларында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарға сәйкес төлемді қайтаруды талап етуге;

6.1.5. Электрондық ақшаны ЭАЖ-да ұсынылған кез келген қолжетімді тәсілмен Сатуды/Сатып алуды/Өтеуге ұсынуды жүзеге асыруға;

6.1.6. Оператор бекіткен тәртіп пен шарттарда ЭАЖ ұсынатын қосымша қызметтерді пайдалануға;

6.1.7. Электрондық ақша қалдықтары, сондай-ақ өзінің Электрондық әмиянының шоты бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты, ЭАЖ-ны пайдалану үшін маңызы бар өзге де ақпаратты алуға;

6.1.8. Клиенттің сәйкестендірілген болып табылған жағдайында, Оператордың сұратуы бойынша 5 (бес) жылға дейінгі кезеңде өзінің Электрондық әмиянының жай-күйінің кез келген өзгерістері туралы ақпарат алуға;

6.1.9. ЭАЖ-ның басқа клиенттерінің мәртебесі туралы ақпарат алуға;

6.1.10. Операторға басқа Қатысушылардың іс-әрекеттеріне, ЭАЖ жұмысындағы іркілістерге шағымдар жіберуге;

6.1.11. ЭАЖ Операторынан техникалық және ақпараттық қолдау алуға құқылы.

Клиент өзінің Сәйкестендіру деректерін қолдана отырып, ЭАЖ-ны өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. ЭАЖ-ны пайдалану Клиенттің ЭАЖ Сайтының қандай да бір элементтерін жаңғыртпау, қайталамау және көшірмеу, сатпау және кем түспеу, сондай-ақ қандай да бір коммерциялық мақсаттар үшін пайдаланбау, сондай-ақ, осы тармақта көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың ЭАЖ-ны пайдалануы үшін ЭАЖ-ға осындай үшінші тұлғаларға қолжетімділікті бермеу міндеттемесімен шектеледі.

Клиентті тіркегеннен кейін ЭАЖ-ны пайдалану құқығы айрықша және берілмейтін болып табылады.

Клиент өзінің Сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаға берген жағдайда, клиент ЭАЖ-ны және Клиенттің Жеке Кассасын пайдалана отырып, осындай үшінші тұлғалардың жасаған әрекеттері үшін, сондай-ақ осындай үшінші тұлғалардың ЭАЖ операторы мен басқа да қатысушыларына келтірген зияны үшін толық көлемде жауапкершілік көтереді.

6.1.12. осы Офертаның 9.9-тармағында қарастырылған салдардың басталуымен кез келген уақытта ЭАЖ-ны пайдаланудан бас тарту.

Клиент Оператордың қызметтерінен бас тартқан жағдайда, Клиент Операторға «Личная Касса» ЭАЖ пайдалануды тоқтату және оны бұғаттау туралы өтініш беруге құқылы, бұдан басқа, өтініште Клиент бұғаттау сәтінде Оператордың офистерінің қайсысында оның Электрондық әмиянында тұрған ақшалай қаражатты алғысы келетінін көрсетеді. Өтінішке Клиент жеке куәлігінің көшірмесін қоса береді. Оператор Клиенттен жоғарыда көрсетілген өтінішті алып, оның Электрондық әмиянын бұғаттайды және бұғаттау сәтінде ондағы ақшаны беруге дайындайды. Клиент 10 (он) банктік күн өткен соң, бірақ Оператор Клиенттің электрондық мекенжайына жіберген хабарламада көрсетілген күннен кешіктірмей, Клиенттің өтініші бойынша «Электрондық әмиянның» шотындағы ақшаны Оператордың кассасынан (Клиенттің өтінішінде көрсетілген Оператордың офисінен) алуға құқылы.

6.2. Клиент міндеттері:

6.2.1.  өзінің Сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтауға;

6.2.2. Сәйкестендіру деректер жоғалған жағдайда, ЭАЖ сайтында көрсетілген нөмірлердің бірі бойынша Оператордың Сall орталығына/шұғыл желі телефонына қоңырау шалып, бұл туралы дереу Операторға хабарлауға міндетті.

Сәйкестендіру деректерінің жоғалғаны туралы ақпаратты алған кезде Клиенттің Электрондық әмияны бұғатталады, бұғатталған «Личная касса» арқылы төлемдер электрондық әмиянның құлпын ашу сәтіне дейін жүзеге асырылмайды. Электрондық әмиянның құлпын ашу төменде көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

Электрондық әмиянның құлпын ашу үшін Эмитенттің, Оператордың немесе олар уәкілеттік берген Агенттердің жақын жердегі офисіне «Электрондық әмиянның» құлпын ашу туралы өтінішпен бару қажет, Клиенттеөзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі болуы қажет. Электрондық әмиянның құлпын ашу туралы өтінішті алған және жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сіздің «Личная Касса»-ыңызға кіру үшін электрондық почтаңызға логин мен жаңа пароль келеді.

Клиент Операторға Сәйкестендіру деректердің жоғалғаны туралы хабарламаған және/немесе уақтылы хабарламаған жағдайда, Оператор оған тиісті хабарлама келіп түскен сәтке дейін Клиенттің Сәйкестендіру деректерін пайдалана отырып, ЭАЖ арқылы Клиенттің Электрондық шотына келтірілген залал үшін жауапты болмайды.

Бұдан басқа Клиент ЭАЖ және/немесе Операторға келтірілген залалды Клиенттің Сәйкестендіру деректерін пайдалана отырып өтеуге міндетті болады.

Клиент ЭАЖ-дағы барлық операциялар Клиент дұрыс Сәйкестендіру деректерді енгізген жағдайда ғана жүргізілетіні туралы хабардар етіледі және өзінің келісімін растайды. Бұл ретте Оператор Клиенттің тиісті Төлемдер жасағаны үшін жауапты болмайды.

6.2.3. осы Офертаның шарттарын зерттеу және сақтау. Клиенттің Офертада қарастырылмаған әрекеттерді жасауы Операторда қызметтер көрсету бойынша міндеттемелердің туындауы үшін негіз болып табылмайды. Осы Офертаның шарттары келіспеген/қабылданбаған жағдайда, Клиенттің «Электрондық әмиян» ЭАЖ-ны пайдалануға құқығы жоқ.

6.2.4. Электрондық әмиянның жұмысында қандай да бір іркілістер анықталған жағдайда, сондай-ақ іс-қимылдардың белгілі бір реттілігін орындағаннан кейін ЭАЖ-да ұсынылған қызметтерді рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігін алған жағдайда, Call-орталықтың телефондарына/шұғыл желі телефондарына қоңырау шалып немесе проблеманы сипаттай отырып, мынадай электрондық мекенжайға хабарлама жібере отырып, Оператордың қолдау қызметіне хабарлау: [email protected]. Клиент ешбір жағдайда осы іркілістерді немесе әрекеттердің реттілігін пайдаланбауы және олардың бар екендігі туралы үшінші тұлғаларға хабарлауы тиіс.

6.2.5. ЭАЖ-ның басқа клиенттерінің, ЭАЖ-ға қатысушылардың және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын және қозғамайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтын тәсілмен пайдалану;

6.2.6. ЭАЖ қағидаларының талаптарын, ЭАЖ-да тіркелу кезінде клиент қабылдаған Офертаны және ЭАЖ-ға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін өзге де нормативтік құжаттарды орындау;

6.2.7. ЭАЖ-да тіркелу және сәйкестендіру рәсімінен өту кезінде шынайы деректерді ұсыну;

6.2.8. электрондық ақшамен операциялардың мазмұны және оны жасау үшін көрсетілген деректердің дұрыстығы үшін жауап беру;

6.2.9. ЭАЖ-ны пайдалану мақсаттары үшін Оператордан, Эмитенттен алынған құпия ақпаратты бермеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға өзінің Электрондық әмиянын және Сәйкестендіру деректерін пайдалану мүмкіндігін бермеуге;

6.2.10. өзіне тиесілі ЭАЖ-ға қол жеткізу құрылғысының жұмысқа қабілеттілігі мен ақпараттық қорғалуына тиісті түрде қамқорлық жасауға;

6.2.11. ЭАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуге тырыспауға;

6.2.12. ЭАЖ көмегімен жасалған электрондық құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз нұсқада жасалған заңдық маңызы бар және баламалы құжаттар деп тануға;

6.2.13. ЭАЖ-да жұмыс істеген кезде Эмитентті және Операторды өзінің сәйкестендіру деректерінің кез келген өзгерістері туралы уақтылы хабардар етуге;

6.2.14. ЭАЖ-да тіркеу кезінде енгізілген нөмірді пайдалануға ұялы байланыс Операторымен шарт бұзылған жағдайда, өзінің Сәйкестендіру деректеріне өзгерістерді уақтылы енгізуге;

6.2.15. ЭАЖ-да тіркеу аяқталғаннан кейін Оператор берген парольге өзгертуге;

6.2.16. Операторға, Эмитентке оның келісімінсіз жүргізілген операцияның табылғаны туралы, оның жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуді алу туралы, Сәйкестендіру деректерінің жоғалғаны туралы дереу хабардар етуге міндетті.

6.3. Клиент Электрондық әмиянды қандай да бір Эмитенттің Электрондық ақшасымен толтырған кезде ықтимал тәуекелдерді түсінеді және қабылдайды.

 

7. Оператордың құқықтары мен міндеттері

7.1. Оператор мыналарға құқылы:

7.1.1.      ЭАЖ-ның көмегімен төленетін қызметтердің/тауарлардың тізбесін кеңейтуге;

7.1.2.      бағдарламалық қамтамасыз етуді түрлендіруді жүргізу және түрлендіруді жүргізу кезеңінде ЭАЖ-ға тиісті хабарламаны орналастыра отырып, ЭАЖ-ға кіруге тыйым салуға;

7.1.3.      жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында ЭАЖ жұмысын тоқтата тұруға;

7.1.4.      мынадай оқиғалардың бірі туындаған жағдайда, электрондық ақшамен операциялар жүргізуден бас тартуға:

  • Клиенттің Оператормен және/немесе заңнамамен белгіленген лимиттен асатын сомаға электрондық ақшамен операцияларды жүзеге асыруға әрекеттену;
  • қатысушының Электрондық әмиянындағы Электрондық ақшаның қалдығынан асатын сомаға электрондық ақша аудару әрекеттері;
  • сұратылған операцияны жүргізу немесе жасалатын операцияның кез келген тарапымен байланысу мүмкін болмайтын нәтижедегі техникалық іркіліс болған жағдайда;
  • Операторда ЭАЖ-ға рұқсатсыз кіруге күдік туындаған жағдайда;
  • Электрондық ақшаны Өтеуге жіберген кезде Эмитентпен байланыс орнатудың мүмкін еместігі;
  • Жеткізушінің Жеткізушінің электрондық әмиянындағы Электрондық ақша қалдығынан асатын электрондық ақша сомасын өтеу әрекеттері;
  • операция жасау ЭАЖ Операторына және/немесе басқа қатысушыларына залал келтіруі мүмкін өзге жағдайларда;

7.1.5.      бұл ретте ЭАЖ-ға қатысушылармен жасалатын ережелер мен шарттарда көзделген Оператордың өкілеттіктерін, оның ішінде электрондық әмияндарды бұғаттау құқығын пайдалана отырып, ЭАЖ-ға қатысушылардан ЭАЖ-да жұмыс істеу кезінде жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге.

7.1.6.      қатысушылардың Сәйкестендіру ақпаратын алуға, тіркеуге, сақтауға, қорғауға;

7.1.7.      ЭАЖ-ның басқа қатысушыларына Қатысушының мәртебесі туралы ақпарат беруге;

7.1.8.      операцияларды жүзеге асыру кезінде қатысушылар енгізетін дербес деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді, егер мұндай беру жасалған шартты орындау үшін қажет болған жағдайларда, осы деректерді осы операцияға қатысатын ЭАЖ-ның басқа қатысушыларына беруді жүзеге асыруға;

7.1.9.      мыналарды қоса алғанда, ЭАЖ-ның жұмыс шарттарын дербес айқындауға:

  • ЭАЖ қызметтерін ұсынуға үлгілік шарттарды, ЭАЖ-ға қатысушылардың орындауы үшін міндетті ережелерді әзірлеуге;
  • тарифтік саясатты, комиссиялар мен сыйақылардың мөлшерлемелерін және түрлерін ЭАЖ-да бекітуге, комиссиялар мен сыйақылардың қолданыстағы мөлшерлемелерінің мөлшерлемелерін өзгертуге;
  • ЭАЖ-ға Қатысушылар құрамын өзгертуге және толықтыруға;
  • ЭАЖ Қағидаларын өзгертуге.

7.2.            Оператор міндетті:

7.2.1.      ЭАЖ Қағидаларын анықтауға, ЭАЖ-ға қатысушылардың ЭАЖ қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға;

7.2.2.      ЭАЖ-ның тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

7.2.3.     Агенттерді, Жеткізушілерді, Эмитенттерді тартуды жүзеге асыруға;

7.2.4.      ЭАЖ қатысушыларына қойылатын талаптарды белгілеуге;

7.2.5.      тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға, тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыруға және оларды төмендету бойынша шаралар қабылдауға;

7.2.6.      ЭАЖ-ға қатысушылардың өтініштерін тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз етуге;

7.2.7.      коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуына кепілдік беруге;

7.2.8.      жасалған шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге;

7.2.9.      жоспарлық профилактикалық жұмыстар шеңберінде ЭАЖ жұмысы тоқтатыла тұрған жағдайда, ЭАЖ қатысушыларын жүргізілетін жұмыстардың уақыты мен ұзақтығы туралы олар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) сағат бұрын хабардар етуге;

7.2.10.  Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

7.2.11. ЭАЖ қатысушыларының сұратуы бойынша 5 (бес) жылға дейінгі кезеңде олардың Электрондық әмиянынан жасалған барлық операциялар туралы есеп беруге;

7.2.12. ЭАЖ қатысушыларының электрондық әмияндарының жай-күйі туралы ақпаратты шарттың қолданылу мерзімі ішінде сақтауға, қатысушылардың Электрондық әмияндарынан жасалған кез келген операциялар туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты тиісті операциялар жүзеге асырылғаннан кейін 5 (бес) жыл бойы сақтауға;

 7.2.13. ЭАЖ қатысушыларына осы қатысушының атына тіркелген электрондық әмияндарда жасалған барлық операциялар мен әрекеттер туралы хабарлама жіберуге міндетті.

 

8.  Құпиялылық және қауіпсіздік

8.1. Тараптар олармен алмасу ЭАЖ-да жүзеге асырылатын немесе ЭАЖ-ны пайдалану арқылы Тараптарға қолжетімді болатын ақпарат пен құжаттардың қауіпсіздігі мен қорғалуы жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.

8.2. Клиент құпиялылықты сақтау, рұқсатсыз пайдалануды болдырмау және өзінің Сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғалар тарапынан рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау бойынша барлық қажетті шараларды дербес қабылдауға міндеттенеді. Клиент өзінің Сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді.

8.3. Оператор Клиенттің дербес деректеріне, сондай-ақ клиенттің ЭАЖ-ны пайдалануына байланысты Операторға мәлім болған Клиент туралы өзге де ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді, бұған мыналар кірмейді:

  • мұндай ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады;
  • ақпарат талап ету бойынша немесе Клиенттің рұқсатымен ашылады;
  • ақпарат Клиенттің контрагенттеріне Оферта шарттарын орындау үшін қажетті көлемде берілуі тиіс;
  • ақпарат заңнамада көзделген негіздер бойынша немесе күдікті мәмілелер бойынша немесе соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті сұраулары келіп түскен кезде ашуды талап етеді.

8.4. Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: ЭАЖ арқылы заңсыз қаржы операцияларын, заңсыз сауданы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру жөніндегі операцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, кез келген басқа да операцияларды жүзеге асырмау;

заңсыз сауда әрекеттерін, заңсыз қаржылық операцияларды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған операцияларды болдырмау.

8.5. Оператор клиентке ЭАЖ-ге тіркелу кезінде көрсеткен клиенттің электрондық почтасына Оператор жіберетін төлемді жүргізуден бас тарту туралы хабарламаны жіберу арқылы ЭАЖ-ны пайдалана отырып, Клиентке төлемдер жасаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Осы хабарламада бас тарту себептері, оның ішінде, Клиенттің іс-әрекетінің заңдылығындакүмән туындаған жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте Оператор клиенттен мыналарды талап етуге құқылы:

  • Клиенттің қызметі туралы қосымша ақпарат ұсыну (оның ішінде қағаз нұсқамадағы құжаттамалық); Клиенттің электрондық шотына қызмет көрсету тоқтатыла тұрған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде мұндай ақпарат беруден бас тартылған немесе ұсынылмаған жағдайда, мұндай электрондық шотты оператор бұғаттайды;
  • Клиентті сәйкестендіретін деректер көрсетілген құжаттарды ұсынуды.
  • ЭАЖ-да тіркелген Абоненттік нөмірді пайдалану бойынша қызметтерді ұсынуға ұялы байланыс операторымен жасалған шарттың көшірмесін ұсынуды.

8.6. Клиенттің ЭАЖ-ны жүйелі түрде пайда алуға немесе кірісті жасыруға бағытталған операцияларды жасау үшін пайдалануға құқығы жоқ. Клиентке кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе тіркеу ережелерін бұза отырып, лицензиялық талаптар мен шарттарды бұза отырып жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы белгілі.

8.7. Клиент осы Офертаның 5 және 6-тарауларында көзделген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Оператор клиенттің бұзушылықты жою мерзіміне клиенттің ЭАЖ-ны пайдалануға қолжетімділігін бұғаттауға құқылы.

 

9. ЭАЖ-ны пайдаланудың лицензиялық шарттары

9.1. ЭАЖ құқық иеленушісі Оператор болып табылады. Офертаның осы бөлімінің ережелері Оператордың Клиентпен «Личная Касса» ЭАЖ (бұдан әрі – «Бағдарлама») пайдалану туралы Лицензиялық келісімінің шарттары болып табылады. Клиентке Оператор қарастырған Бағдарламаны, оның ішінде ЭАЖ-мен байланысты емес мақсат үшін пайдаланатын тұлға түсініледі.

9.2. Оператор осы бөлімде тізбеленген ЭАЖ-ны пайдалану құқығын Клиентке, Клиенттің аталған міндеттемелерді сақтау шартымен, ақысызсыз және айрықша емес түрде береді.

9.3. «Личная Касса» ЭАЖ пайдаланудың лицензиялық шарттары бөлігінде - Оферта осы Офертада нақты көрсетілгендерді немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиентке тиесілі құқықтарды қоспағанда, Клиентке ешқандай құқықтарды беруді білдірмейді. Оператордың Бағдарламаға қатысты өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және авторлық құқықтар туралы халықаралық келісімдермен, сондай-ақ Бағдарламаға қатысты туындауы мүмкін қатынастарды реттейтін басқа да заңдармен және шарттармен қорғалған.

9.4. «Личная Касса» ЭАЖ пайдаланудың лицензиялық шарттары бөлігінде - Оферта Клиенттің және Оператордың ізгі ниетін білдіреді, коммерциялық емес сипатта болады және ақшалай есеп айырысу немесе өзге де материалдық құндылықтарды беру үшін негіз болып табылмайды.

Клиент Бағдарламаға байланысты Операторға тиесілі сауда белгілерін пайдаланбауға, сондай-ақ осы Офертаның шарттарынан өзгеше шарттарда Бағдарламаның көшірмелерін пайдаланбауға, көшірмеуге, өзгертпеуге, біріктірмеуге және бермеуге міндеттенеді.

9.5. «Личная Касса» ЭАЖ пайдаланудың лицензиялық шарттары бөлігінде - Оферта клиент оның шарттарын акцептеген, яғни ЭАЖ-да жұмыс басталған сәттен бастап күшіне енеді.

9.6. «Личная Касса» ЭАЖ пайдаланудың лицензиялық шарттары бөлігінде - Оферта төмендегідей жағдайда, қолданылуын тоқтатады:

  • ЭАЖ пайдалануды тоқтатқаннан кейін Клиенттің бастамасы бойынша;
  • Клиент Оферта шарттарын бұзған жағдайда, Оператордың бастамасы бойынша.

9.7. Бағдарлама Клиентке ешқандай кепілдіксіз «сол қалпында» беріледі. Оператор Клиенттің бағдарламалық қамтамасыз етуі, Клиенттің аппаратурасы және Интернет-қосылыстар үшін жағымсыз салдарларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Клиенттің немесе үшінші тұлғалардың бағдарламаны Офертаның шарттарына қарамастан пайдалануына байланысты туындаған залалы немесе зардабы үшін жауапты болмайды.

9.8. Клиенттің бағдарламаны одан туынды туындыларды жасау үшін пайдалануға немесе Оператордың келісімінсіз осындай туындыларды пайдалануға құқығы жоқ.

9.9. Клиент өз бастамасы бойынша Шарттың қолданылуын тоқтатуға ниет білдірген немесе Клиент Оператордан осы Шарттың қолданылуын тоқтату туралы хабарлама алған жағдайда, Клиент бір күн ішінде бағдарламаны пайдалануды тоқтатуға міндетті.

9.10. ЭАЖ технологиясын ашуға және декомпиляциялауға тыйым салынады. Аталған тыйым Клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

9.11. Техникалық қолдау жөнінде барлық туындаған сұрақтар бойынша Клиент мынадай мекенжай бойынша электрондық почта арқылы хабарласа алады: [email protected] немесе ЭАЖ сайтында: www.kassa24.kz және/немесе Plus24 және/немесе Aitu кошелек 2.0.мобильдік қосымшаларындағы қолдау қызметтері.

 

10. Дербес деректер

10.1. Осы Офертаның шарттарын қабылдай (Құптай) отырып, Клиент Оператордың өзінің дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, атап айтқанда: жинауды, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, таратуды (оның ішінде үшінші тұлғаларға беруді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды қоса алғанда, алайда бұлармен шектелмей, келесідей іс-әрекеттерді жасауға келісімін береді.

10.2. Дербес деректерді жинау Оператормен және Эмитентпен шарттар жасасу, жасалған шарттарды орындау мақсатында, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

10.3. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген келісім Оператордың дербес деректерді пайдаланудың кез келген жағдайларына, оның ішінде шұғыл желі/Call-орталық телефонына алынған клиенттердің қоңырауларын өңдеу кезінде қолданылады.

10.4. Оператор Клиенттің алынған дербес деректерінің қорғалуын келесідей тәсілдермен қамтамасыз етеді:

 1) Клиенттің дербес деректеріне рұқсатсыз кірудің алдын алу;

 2) Клиенттің дербес деректеріне рұқсатсыз кіру фактілерін, егер мұндай рұқсатсыз кірудің алдын алу мүмкін болмаса, уақтылы анықтау;

 3) Клиенттің дербес деректеріне рұқсатсыз кірудің қолайсыз салдарын барынша азайту.

10.5. Оператор Клиенттің дербес ақпаратының құпиялылығының сақталуына тұрақты бақылауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Оператор құжаттарды ресімдеуге немесе беруге, талап қоюға немесе Клиентпен есеп айырысуды жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттарда Оператордың ішінде де, оның шегінен тыс та Клиентті сәйкестендіретін ақпаратты пайдаланбауға және ашпауға міндеттенеді. Ақпаратты ашу Клиенттен осындай ақпаратты алған кезде алдын ала хабарланған жағдайларда ғана немесе Клиенттің өзінің келісімімен ғана рұқсат етіледі.

11. Тараптардың жауапкершілігі

11.1. Оператор Клиенттің алдында Клиенттің Электрондық әмиянындағы электрондық ақша қалдығының сомасынан аспайтын сома шегінде жауапкершілік көтереді.

11.2. Оператор ЭАЖ-ның уақытша жұмыс істемеуіне, аппараттық немесе бағдарламалық құралдардың жұмысындағы іркілістер мен қателерге жауап бермейді.

11.3. Клиенттің Сәйкестендіру деректерін пайдаланумен байланысты емес, ЭАЖ жұмысына араласуға бағытталған үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері жағдайында, Оператор құқыққа қарсы әрекеттер басталған сәтте Клиенттің электрондық әмиянындағы сома шегінде клиенттің залалы үшін жауапкершілік көтереді.

11.4. Оператор Клиенттің дәйексіз мәліметтерді ұсынуының, сол сияқты клиенттің Сәйкестендіру деректерін жоғалтуының/беруінің салдарынан болған залалдары мен шығындары үшін жауапты болмайды.

11.5. Шарттың тараптары өзара міндеттемелерді орындамағаны үшін, егер олардың орындалмауы Шарт күшіне енгеннен кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекетінің немесе Шарт жасалғанға дейін алдын алуға болмайтын немесе болжанып отырған төтенше жағдайлар туындауының салдары болып табылған жағдайда, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет ететін тарап екінші Тарапты осы мән-жайлар басталғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

 

12. Дауларды реттеу

12.1. Тараптар осы Офертаның шарттарын орындау барысында туындайтын барлық дауларды, бірінші кезекте, туындаған дауларды реттеу жолдарын әзірлеу мақсатында келіссөздер жолымен қарайтын болады.

12.2. Тараптар келісімге қол жеткізге алмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың қарауына беріледі.

12.3. Осы Офертаның шарттарында көзделмеген барлық жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

 

13. Өзге шарттар

13.1. Оператор өзіне-өзі қызмет көрсету автоматын пайдалану салдарынан клиентте туындаған тікелей немесе жанама залал үшін жауапкершілік көтермейді. Бағдарламалық-техникалық кешендерде, сыртқы деректер беру желілерінде іркілістер болған жағдайда, Оператор қызмет көрсетудегі үзілістер үшін жауапкершілік көтермейді. Оператор жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыруға немесе бағдарламалық және/немесе аппараттық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігін қолдау және жаңғырту қажеттілігінен туындаған басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты қызмет көрсетудегі толық немесе ішінара үзілістер үшін жауапкершілік көтермейді.

13.2. Оператор бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ЭАЖ сайтында өзгерістерді жариялау арқылы Шартқа бір жақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер жарияланған сәттен бастап, егер өзгерістердің күшіне енуінің өзге мерзімі оларды жариялау кезінде қосымша айқындалмаса, күшіне енеді.

13.3. Оператор Клиент оның талаптарын бұзған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Шартты бұзуға құқылы.

13.4. Клиент Шарттың барлық талаптары оған түсінікті екендігіне кепілдік береді және Клиент талаптарды ескертусіз және толық көлемде қабылдайды.

13.5. Клиент ЭАЖ-ны Офертада және ЭАЖ сайтында көрсетілгеннен өзге мақсаттарда пайдаланбайтынына кепілдік береді.

13.6. ЭАЖ мен Оператордың сайтын пайдалану кезінде жасалатын Клиенттің барлық әрекеттері үшін оларды жасау уақыты Астана уақыты бойынша белгіленеді.

13.7. Клиент Оферта шарттарын бұзған жағдайдағы Оператордың әрекетсіздігі Операторды өз мүдделерін қорғауды кеш жүзеге асыру құқығынан айырмайды, сондай-ақ Клиент болашақта осындай не осыған ұқсас бұзушылықтар жасаған жағдайда, Оператордың өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.

13.8. Клиент осы Офертада қарастырылған тәсілдердің кез келгенімен ЭАЖ-да тіркеуге бағытталған іс-әрекеттерді жасаған сәттен бастап Шарт осы Офертаның талаптарында жасалған болып есептеледі.

13.9. Осы Офертада қарастырылған конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы осы Офертаның талаптарын Акцепттеу жолымен Клиент жасасқан шартты Клиент Операторға жазбаша хабарлама жіберу арқылы бұза алады. Оператор көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін 10 (он) банктік күн өткеннен кейін Шарт бұзылды деп есептеледі

13.10 Қажет болған жағдайда, клиенттерді сәйкестендіру кезінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарына сәйкес өзге де құжаттар талап етілуі мүмкін.



Оферта касса RU c монетизацией

Оферта касса KZ c монетизацией